Баяғыдан құлпы мен кілттің дос болғаны бесенеден белгілі ғой бәрімізге. Олардың ренжісіп қалғаны жайлы да аңыз бар екен.
Бірде құлпы мен кілт ренжісіп қалыпты. Жақынның өкпесі де қатты болады ғой, (олар бір-бірін іштей кешірген де шығар, бірақ) бір-бірінен кешірім сұрауға арланыпты. «Менсіз сенің тіліңді кім табар екен?!» деп кіжінген кілттің тоң-теріс мінезіне жауап ретінде құлпы-екең: «мен болмасам, сен кімсің?! Басқа кілт жасалар-ау мен үшін!» деп бәлсініпті. Жұрт құлпыға қарайды, – сап-сау! Кілтті тексереді, – түк өзгеріс жоқ! Оларды күте-күте жалыққан жұрт екеуін де алып тастап, орнына жаңасын қойыпты деседі.
Қоқыста жатып, бір-біріне қолы жете алмай өкінген құлпы мен кілтті дат басыпты…
ПыСы: «Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше, жаман адамның ашуы басы жерге жеткенше».
Пікір қалдыру