Блог ашу көптен ойда жүр еді. Әлдебір жүрексіну жол бермейтін. Оны уақыттың аздығымен “түсіндіретінмін”. 24-сәуір күні аяқ астынан бір батылдық пайда болып, бірден Салтанатқа хабарластым. Мен сияқты тап-таза, супер-пупер шайнекке түсіндіру оңай болмаған болар, Салтанаттың көмегіне алғысым шексіз!!!
Сонымен…
Сонымен, блог “ainameken” атанды. “Aina_meken” дегім келген, бірақ олай тіркей алмадым. Бұлай аталу себебі никке де байланысты. Енді өз блогымда өз атыммен Кәмшат боламын . Бұнда маған ұнаған әфсаналар, өлеңдер мен өз материалдарым жарияланады деп ойлаймын.
Блогың керемет ұнады, Кәмшат!
Сәттілік тілеймін!
Рахмет, Өрімтал! АЛЛА разы болсын! Әлі та-зза шайнекпін 🙂
Қашанғы шәйнек болып жүре бермек едіңіз, ә? 🙂
Осыншама дүниені жасыруға төзіміңіздің жеткеніне таң қаламын.
Құтты болсын блогыңыз!
🙂 рах-мет!
жазуларың мол болсын! шаршамай еңбектенуді тілеймін!
блогың құтты болсын!
Рахмет сізге, Елвира! АЛЛА разы болсын! 🙂 Сіздің блогыңыз ерекше ұнайтынын айта кетейін осы сәтті пайдаланып :). Айтпақшы, сіздің блогыңыздағы бір әңгіме мақаланың түйіні болып, газетке де «Елзира деген қыздың блогынан мынандай әңгіме оқып едім» деген сілтемемен кетіпті. Мен бұл үшін өте қуаныштымын! 🙂 Сондай әңгімелермен сусындатқаныңыз үшін сізге алғысым шексіз!!! Аман болыңыз! 🙂
Mine men tagyda kuandym kazakh blogtarynyn sany kobeip jatr:), keshirersiz blogynyzdy jane baikadym , blogtar tizimime kosyp koidym , insh jii konak bolyp turamyn
Рахмет, Ақбөкен! АЛЛА разы болсын! СІздер қонақ болған кезде ештеңе жоқ қой демес үшін барымды саламын деп ойлаймын, ИНШ! 🙂
Осы блог «тыныштықтың мекені» мен үшін:) Сәттілік тілеймін!
Рахмееет сізге, Баян! 🙂 АЛЛА разы болсын!
Құрметті де қадірлі Кәмшат, осындай блогты жүргізгеніңізге рахмет! Әйтеуір почтамды қалай тексеріп тұрсам, сіздің блогыңызға солай кіріп тұратын болдым
Алғысым шексіз, Әселжан! Мың рахмет! (Сізде өз блогыңызды ашсаңызшы тезірек? Жақсы болар еді!) 🙂
Айнамекенге қызығып мен де өз блогымды аштым! http://aselhan.wordpress.com
Осындай ой тастағаныіызға рахмет! Расымен өзіңнің бір кішкентай әлеміңді ашқандай болады екенсің!
Ой, Аселек!!! Құтты болсын! Жарайсыз! АЛЛА қаламыңызға қуат, блогыңызға шуақ берсін!!! :). Енді сіздің сұлу әлеміңіздің тұрақты оқырманы болып тұрамыз!!! 🙂 ИНШАЛЛАХ!
Buryn kuttyktadym ba bilmedim. Tagy da kuttyktap koiaiyn, artyk bolmas.
Blogyn korkeie bersin!
Қош келдіңіз! 🙂 Рахмет сізге! Айтқаныңыз келсін!
Жиі кіріп тұратын блог екен. Құтты болсын!
Рах-ме-е-ет! 🙂 Келіп тұрыңыз!
Кәмшат, рахмет сізге. Әр жазғаныңызды оқыған сайын, жүрегіме жылулық ұялап, жаным тынышталып бара жатқандай… Блогыңыз тамаша екен, іші жақсы туындыларға тола берсін!
«Біреу сені жақсы көрсе, менің жақсы болғаным үшін мені жақсы көреді деп ойлама, керісінше, оның жүрегі таза, пәк болған соң адамдарды жақсы көру қабілетіне ие» деген пікір есіме түсіп отыр, АйАй. :). Егер, менің блогымдағы әңгімелер сізге солай әсер етіп жатса, онда сіздің жүрегіңіздің тазалығынан ғой! Сізге де мың рахмет!!! АЛЛА жар болсын! Пікірлеріңіз ерекше, сіздің блогыңыз бар ма? Сілтемесін жасаңызшы? Біз де барайық? :).
Рахмет, Кәмшат. Менің блогым жоқ, жасап жатсам, міндетті түрде сілтемесін беремін 🙂
Айнамекен, мені де тіркеп қойсаңыз… 🙂
Розатай, сізді тіркеп қояйын десем, қалай тіркеуді ұмытып қалыптым. Ұят та болса солай. Бір қолым қалт еткенде сізді, Өркеннің блогының, Махаббат және мағрифат блогын т.б. блогтарды тіркеймін, АЛЛА қаласа. Тағы жақсы блогтардың сілтемесі болса өзіңіз көріп жүрген, маған сілтемесін беруіңізді, солай көмектесуіңізді сұраймын?
Аяқ астынан мен де бүгін блогыңның құдайы қонағы құрметіне ие болдым. Осындай көңілге жақын ана тіліміздегі сайттарымыздың саны көбейе берсін. Оқырмандары мол болсын деп тілек айтамын,Камшат! Сәтті,тәтті,мәнді,мағыналы жазбаларың көп болсын!
Камшат! Казак окырмандарынын кокейиндеги дап басып, ойлы да сырлы, манди де магыналы дуниелер жазып жургенинди болашак журналистердин студенттик аудиториясына улги етуден жалыккан емеспин. Мине, когамымыздын ой-санасына айна саулесиндей болган мекенине – блогына енип пикир калдыру мумкиндиги туды. Сенин алдагы уакытта да окырманнын журегине жеткизе, когамдык сананы серпилте аларлыктай талай журналистик дуниелерди ондире жазатынына камил сенимдемин. Мумкин, алдагы кундери алла жазса виртуалдык казак алеминде мен де оз блогымды ашсам ба деп ниет етип журмин. Озинди Карапайым казак кызы депсин. Казак кыздары сендей болса, онда улт болашагын тек кок жузин шарлаган ен жарык жулдыз шогырындай деуге болар. Осындай кыздарымыз кобейсин.
Сәлеметсіз бе, Гүлмира апай! Рахмет сізге! АЛЛА жазса, сіздердің үміттеріңізді ақтауға тырысамыз. Ниетіңізге АЛЛА разы болсын! Мың рахмет сізге!!! Ал, біз ұстазымыздың блогын асыға күтеміз! Тек тезірек болса екен! 🙂
мммм… сіз екен ғой
мхм 🙂
Камшат! Есинде болса «Кокпарда» айтылган жайттар бойынша гылыми жумыстын тизгинендемин. Тек кана жазгы демалыста болмаса ку тиршилик творчествога да, гылымга да мумкиндик бере бермейди. Сол жумыстын кези келсе, аллса жазса букара алдында коргайтын уакытын айтып озине хабар беремин. Блок – коптен кокейде, конил тубинде журген дуние. Сол дуниени жарыкка шыгарарда комек сурап, хабарлассам деген ойдамын.
Жұмысыңызға да, өзіңізге де АЛЛА жар болсын, апай! Рахмет сізге! Расында, өзіңіз айтпақшы «қу тірлік» көп нәрсеге қарайласып, мойын бұруға жар бермейді. Бұл да тірліктің, тіріліктің арқасы ғой деп ойлаймын, апай. 🙂
Ал, блог мәселесінде қолымнан келгенін өзгелермен жәрдемдесе отырып көмектесуге дайынмын! Қуана-қуана! 🙂
Кайырлы болсын. Алла разы болсын.
Әмин, Қайнаржан! Айтқаныңыз келсін! Қош келдіңіз!!! 🙂 Сіз де блог ашыңыз, қызығып оқитын оқырмандарыңыздың көп болатыны даусыз, ИНШАЛЛАХ! 🙂
Жоқ, біреуге ақыл үйрететін жасқа әлі жетпедім…)))) Сіздердің блогтарыңыз тұрғанда менің жүргенім ұят болар.
Еш ұят емес! Сіз бізге айтып беретін әңгімелерді жаза бересіз, сонда тамаша болып шығады :)!!! Сосын… Сосын, біз де ақыл айтатын жасқа жетпедік қой 🙂
Isiniz sauapty bolsyn!
Әмиин! Айқаныңыз келсін! Сіздің де ісіңіз берекелі әрі сауапты болсын!!!
Міне, 1 жыл дегенде Кәмшат арудың блогына да ат басын тіреудің сәті түсті-ау. «Қорқыттағы» кеш болмағанда, бәлкім өзіңді де, «Айнамекенді» танымай кетер ме ем… Түстен кейін маңырап жатқан ағаңды кешіріп қоярсың, қарындасым. Блогың құтты болсын! Фундаментін 2008-де салып, қабырғасын 2009-да ырғалып-жырғалып жүріп салған менің блогыма қарағанда, сенің аяқ алысың тәуір екен. Қасиетті Құрани-Кәрімнің «Зілзала» сүресінде Аллаһ Тағала «Сонда кім тозаңның түйіріндей жақсылық жасаса пайдасын көреді» деген екен. Аллаһ сол пайдасын көрген құлдарынан етсін өзіңді. Әмин. «Кеш те болса ештен жақсы ғой» деп, ісіңе сәттілік тілеймін. Арыма!
Әмиин, айтқаныңыз келсін! Сізді көргеніме, білгеніме өте қуаныштымын! АЛЛА қашанда жар болып, бар ісіңізді оңынан қылсын!
түрім қисық болса айнаға өкпем жоқ. (сөзім қисық болса кешіріңіз))) Блогыңыздың атауы айна мекен деп сәтті қойылыпты. бала кезімде айнаға қарап тұрып, түріңді айнытпай көрсететін шыны материалдың арғы жағында бір әлем, шынайы әлем, тұрақты мекен бар деп сенетін едім. кейін айнаның құрылысына қарап, оның жай ғана дүниелік екенін біліп ем. енді бала кездегі сеніміме қайта оралғандаймын. осы блогқа келіп өзінің шынайы түрін көре алған пайдаланушылар қатары көбейе берсін, Кәмшат!
және тағы бір тілегім: айна-мекенге келген жұрт, бойындағы мінін, айнаға қарап түзелгендей түзей алатын болсын!!!
керемет! блогыңыз тамаша! құтты болсын! еңбегіңіз жемісті болсын!!!
Тамаша. Асықпай бір көріп шығайын.
ҚҰРМЕТТІ, ҚАЗАҚ БЛОГШЫЛАРЫ! МЕН ДЕ ҚАЗАҚША БЛОГЫМДЫ АШҚЫМ КЕЛЕДІ! КӨМЕК БЕРЕ АЛАТЫН ЖАН БАР МА ЕКЕН?!
Қош келдіңіз, Жұлдыз ару! Сіздің бастамаңызды тек қуанып қарсы аламыз! :). (Ал, мен рухани тұрғыдан көмек бере алам :(… Басқа жағын онша білмеймін, өйткені. Бірақ, біздің қазақ блоггерлері сіздің бұл өтінішіңізді жерге тастамақ тұрғай, тастауға ниет те көрсетпейді деп сенем :). Ашу онша қиын емес, блогты алып жүру маңзды 🙂 )
Кәмшат ханым, блогыңыз құтты болсын! Сіздің «Айнамекеніңізге» жаңадан қадам басқан жайым бар. Әдемі әсерге бөледіңіз. Негізі мен де Сіздің сөзіңізбен айтқанда, интернет жөнінде «шәйнекпін». Блогымды да ашқаныма көп болған жоқ. Бірақ, табысты емес. Сіздің блог жүргізу деңгейіңізге жетсем деймін. Жалпы, қазақтың қыз-жігіттерінің осындай жақсы блогтарын көріп, «әлгі Ермібетов қазақ интернетінің осы дамуын көрмей, ай қарап, шошқа тағалап жүр ме?!» дегің келеді. Бәрекеледі, Сізге! Ұзағынан сүйіндірсін.
Қош келдіңіз! :). Қуана қарсы аламыз! Бірақ, сіз айтқандай кемел блог деп айтуға ұяламын. АЛЛА сіздің блогыңызға да, өзіңізге де қуат берсін!
Әссаламу ‘алайкум уа рахматуллаһ! Бауырлар, http://www.al-hanifiya.kz сайтының форумында күн сайын дерлік “Үш негіз және оның дәлелдері” атты кітапқа түсіндірме жазылып жатыр! Бұл кітапта адамның қабірінде қойылатын үш сұраққа жауап бар. Ғалымдар білім ізденушілер мен қарапайым адамдарға ең бірінші болып түсіндіретін кітабы – дәл осы кітап! Сондықтан, құрметті бауырлар, зор мүмкіндіктен құр қалмаңыздар! Аллаһ береке берсін! Аллаһ білімімізді артырып, қабірдегі “Раббың кім? Дінін не? Сендерге жіберілген елші кім?” деген сұраққа лайықты түрде жауап беруімізді нәсіп етсін!
Kamshat apai!!!! bloginiz jaksi eken, oziniz siyakti ademi, maginasi jaksi duniyeler kop eken )))
Рахмет сізге, Бақытты гүл! 🙂
Бақытты гүл болу үшін бәлкім, бақытты көре білер көз керек шығар, иә?…
Блогыңыз керемет! Шабытыңыз сарқылмасын!
Рахмет, Мейіргүл! Сізге деген және сіздің де мейірім бұлағы сарқылмасын!
Қалайсың, Кәмшат қыз? Блогың әдемі-ақ, тағылымды, тек қыркүйектің 24-інен бері тоқтап тұрғаны жаныма жара болып, жүрегіме микросыздауық болып түсті!!! Тастамашы (мені емес, блогты :-))
🙂 … Үнсіздік, үнсіздікке мәжбүрлік кезең десем болар бұл кезді. Тастамаймын деп ойлаймын. бірақ, ойым, жаным… бәрі қалпына келген кезде, өз арнасына қайта түскен кезде… ИНШАЛЛАХ!
Күтеміз,Кәмшат! Үнсіздіктен арылғаныңызды…:)
p.s. «Сәукелелі» болуыңызбен құттықтаймын! Бақытқа кенеліңіз!
Рахмет сізге, Тоты! АЛЛА разы болсын! Әмиин!!!
Ал, үнсіздік… АЛЛА жылда жазда маған небір сыйын дайындап жүр. Әсері үлкен сыйларын. Негізі, қағазға түскен аздаған дүниелерім бар. Оны да жариялаймын, ИНШ!
Өрмекшіфобик Өркен ағамның сұрағы мені де мазалауда. Бұрын жиі оқып тұрушы ем. Кейін компьютерден қол үзіп қалдым. Енді міне, қайта тапсам… Қырсыққанда уордрпресс-те дұрыс болмай қалды ғой (((
Қайырлысы, Нұреке! Блог оқуға үнемі тәбет болғанмен, жазуға кейде кежеге кейін тартады екен… 😦
Машаллах қандай керемет блог. Блогыңыз ұлғая берсін, ісіңіз шарықтай берсін, біздер сияқты шәйнечоктарға да пайдасы тие берсін. Блог деген не өзі? Мен де біреуін ашып көрейін.
Әмиин, АЛЛА разы болсын сізге де! Блог деген… блог дегеннің не екенін түсіндіре алмаймын. Ашып көріңіз, ішіне түрлі жазбалар орнатасыз, ИНШ! 🙂
Блогыңыз өте керемет екен…ешқандай басқа сілтемелер жоқ тек қана керемет мақалалар…СӘТТІЛІК!
Рахмет! Сізге де сәттілік тілеймін! АЛЛА разы болсын! )