…Сенесіз бе, біреудің жақсылығы адамға дәл осылай қуаныш сыйлайтынын бұрын да білетінмін, қазір тіпті сезініп жүрмін! Жаныңдағы бір адам бақытты болса, жүзінен өмірге деген құлшынысы білініп тұрса, оның сол шуағы бір сізге емес, бәріне де берілетініне, бәріне де жететініне көзім жетті. Қызық! Өткен жұмада, яғни 19-маусымда әріптес досымыз Мұрат пен Айсәуле деген құрбымыз шаңырақ көтерді. Аяқ астынан болды, бәрімізді бір елең еткізіп, бір-ақ күнде айты аспанға бірақ шығарып, Айсәулені Мұрат алды. Таңданысымыз көл-көсір қуанышқа ұласты. Таңданысымыз осы жайт жайлы жазуға себеп болды (Мұратты сіздер Ақзере, Балдырғанның блогы арқылы танисыздар, ақын жігіт) (толығырақ…)
Posts Tagged ‘дос’
Шаңырақ көтеру
Posted in Uncategorized, tagged дос, игілікті іс, шаңырақ көтеру, құрбым, үйлену, үш дос on Маусым 25, 2009| 18 Comments »
Ақымақ достан ақылды дұшпан артық
Posted in Ғибратты әңгімелер, tagged Ыбырай Алтынсарин, адамның досы, аю, ақылды дұшпан, дос, күш, шыбын, қуаныш on Мамыр 4, 2009| 2 Comments »
Баяғыда бір адамның досы аю болыпты. Аюды мәпелеп күтіп, баптаған соң, ол да оған қалтқысыз берілген екен. Күндердің күнінде әлгі кісі ауырып, біраз уақыт төсек тартып жатып қалыпты. Аю ол кезде қатты уайымдап, тіпті жүдеп кетіпті. Бір күні әлгі кісінің жағдайы сәл жақсарып, күн көзіне шығып отырса, аю досы да қуанып, қорбаңдап жанында жүріпті. Бұл ұлы қуанышқа өз септігін де тигізуді ойлайды нән дос. Дәл сол сәтте әлгі науқас жанның бетіне шыбын қонып, мазасын алыпты. Қолымен желпісе, ұшып кетіп, қайта айналып келіп қонады екен. Мұны көріп тұрған аюдың да шыдамы кетеді әрі жақсылық жасаудың сәті түсті деп ойлайды. Сөйтіп, досының бетіне қонған шыбынды үркітем деп, бар күшімен бетінен салып қалып, өлтіріп қойыпты.
Ыбырай Алтынсарин