Сахабалардан Әнас (р.а.) әңгімелеуде:
Пайғамбарымыз Мұхаммедпен (с.ғ.с.) бірге отырғанбыз. Әлден уақытта тісі көрінетіндей ғана сәл жымиды. Себебін сұрағанымызда былай түсіндірді:
О дүниеге барғанда үмметімнен екі кісі Аллаһ тағаланың құзырына әкелінеді. Біреуі екіншісін көрсетіп:- Уа, Раббым, менің мына пәленшеде кезінде ақым кеткен, сол ақымды алып бер,- деп өтінеді.
Аллаһ тағала: – Ей, пәленше, ақысын өзіне қайтар,- дейді.
Жеген ақысы үшін өз сауаптарынан бөліп берген екіншісі:- Я, Аллаһ тағала! Менің сауаптарымнан ештеңе қалмады ғой?- дегенде Аллаһ тағала бірінші адамға:- Қарашы, мынаның сауабынан дым қалмады, бұған не дейсің?- деп сұрайды. Сонда бірінші адам:- Олай болса менің күнәларымнан өзіне алсын,- дейді.
Дәл осы тұсқа келгенде Пайғамбарымыздың көзі жасаурады. Сөйтті де: «Ол күн – аса бір зор күн болмақ. Адам өз күнәсінің алынғанын қалайды» деді де сөзін ары қарай жалғастырды:
Сол кезде Аллаһ тағала ақысы кеткен адамға:- Басыңды көтер де Жұмаққа қара!- деп дауыстайды. Сонда бірінші кісі:- Я, Аллаһ тағала! Алтынмен апталған, күміспен күптелген, жібекпен тоқылған небір сән-салтанаттарды көріп тұрмын. Бұған қай пайғамбарлар мен әулие-шейіттер ие?- деп сұрайды.
Аллаһ тағала:
– Бұлар маған өтемін төлегендер үшін,- деп жауап береді.
– Бұлардың өтеуін қайтіп төлейді?- деп сұрайды адам.
– Қаласаң бұған сен де ие бола аласың,- деп жауап береді Аллаһ тағала.
– Қалайша?- деп таңырқайды адам. Сонда Аллаһ тағала:
– Сен егер ақың кеткен қасыңдағы мына жолдасыңды кешірер болсаң,- деп жауап береді.
– Олай болса мен оны кешірдім,- деп жауап береді әуелгісі.
– Ендеше жолдасыңды ал да, екеуің де Жұмаққа барыңдар!- деп бұйырады Аллаһ тағала.
Сөйтті де Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Аллаһтан қорқыңдар! Аллаһтан қорқыңдар да араларыңды түзеңдер! Қараңдаршы, Аллаһ тағаланың өзі мүміндердің арасын жарастырып тұрған жоқ па?!»,- деді.
Құдайберді Бағашар, «Тағлым тамшылары»
Posts Tagged ‘кешірім’
Кешіру де зор сауап
Posted in Uncategorized, tagged "Тағлым тамшылары", кешірім, Құдайберді Бағашар on Мамыр 2, 2010| 3 Comments »
Өкініш пен өтініш
Posted in Өлеңдер, Uncategorized, tagged Рахат Әбдірахманов, кешірім, отбасы, татулық on Ақпан 5, 2010| 2 Comments »
Мен не дедім?
Сен не дедің?
Бұл не сын?
Сәттік оймен шыққаны ма мүлде есім?!
Мұңды есігін жабайықшы өткеннің,
Татулықтың сөгіп алмай іргесін.
Жанды жердің түре бермей етегін,
Сыйластықтың жөн көрейік жетегін.
Екеуміз де түсінгендей едік қой,
Бұл өмірдің ертегі емес екенін.
Көркейсек деп алған шақта көкке бет,
Қажасудың қажеті де жоқ демек.
Ақымақпын ашу қысса …
Қайтесің
көңіліңе ап көзсіздікті, өкпелеп…
Есті едік қой…
Басып не бар еңсені?
Түсінісу азапты ойды жеңсе еді.
…Мінезімнен шындық іздеп қайтесің,
Ақиқаты: сүйемін ғой мен сені.
Азабымның табамын деп себебін,
Ауыр ойларға өзімді кеп жегемін.
..Асып-тасып кететіндей, әйтпесе,
Мені қай бір жетісіп жүр деп едің?!
Бақыт та сын…
Өткен уақыт…
ол да сын.
Әнімізді бұзбаса екен болмашы үн.
… Бәрін-
бәрін
көтеремін. (Айттым ғой!)
Тек періште перілерден қорғасын!
Көктің күтпей үлде менен бүлдесін,
Татулықтың сақтайықшы іргесін.
…Аққа құмар жыландайын жылмыңдап,
Жанымызға сайтан еніп жүрмесін.
Неге ашу көтерді екен деме бой,
Сәттік күйге әр кез сәйкес келе ме ой?!
…Кешірімшіл емес пе едің әрдайым,
Маңдайыңнан иіскейінші…
Келе ғой…
Рахат Әбдірахманов