Кімнің айтқаны есімде жоқ, «Кітапсыз үй – терезесіз бөлме» деген қанатты сөз бар. Оқымаса да, кітап жинайтын таныстарым бар. «Керек болар» дейді. (Керек болары даусыз ғой. Оқыса, одан да жақсы болар еді деп ойлап қоям.). Кітапқа құмарлық кітап ұрлау – күнә емес деген қағиданы енгізді. Біраз кісілерден сұрадым, олар да осы пікірді қуаттайды. Қызық! Қадыр Мырза Әли ағамыз «Иірімінде»: «келген қонақтардың құшақтаған боп, арқасынан қаққан боп кітап алып кетпеді ме, – соны қараймын» дейді (К.Ә. сөзбе сөз емес). Бұл үрдіс жазушылардың арасында да бар. Менің ақ көңіл Айгүл деген таныс апайым бар. Ол кісі де танымал бір журналист үйіне қонақ болып, шығар кезде бірден кітап сөресіне жүгіретінін айтады. Ұят қылық, бірақ ешкім ерсі санамайды.
Студент кезімде стипендияма ара-тұра кітап сатып алуды әдет еткенмін. Тура 28-маусым, өз мерекемізге орай өзіме өзім үлкееен сый жасадым. Көлемді ақшаға кітап сатып алдым. Бұрын өзім оқитын кітаптарды ғана алсам, осы жолы папамның немерелерін ойлап, балалар кітабын көбірек алдым. Қазақ тіліндегі жақсы-жақсы энциклопедиялар шыға бастапты, әлі де аздық ететіні орыс тілді балаларға арналған энциклопедиялардың жанында көрініп тұр. Үйге келген осы құнды жәдігерлерді олар оқыса екен деп тілеймін.
Есіме талай адамға таратып берген кітаптарым түсті. Қайтпаса да, өкінбегенімді сезіндім! Өйткені олар менің қымбат достарым ғой! Өзімде Жанар қыздың бір кітабы бар, қайтару керек, АЛЛА қаласа 🙂
Posts Tagged ‘кітап’
Құндылық
Posted in Uncategorized, tagged кітап, сыйлық, құндылық, ұрлық on Маусым 30, 2009| 12 Comments »
“Жанымның жазба нұсқасы…”
Posted in Өлеңдер, Uncategorized, tagged жалғызсырау, жақсылық, кітап, сұхбаттасу, тығырықтан шығу, қазақы әфсана on Маусым 22, 2009| 17 Comments »
Жаным жабығып отыр… Әлденеге көңілім толмайды. Біреуден ұялатын сияқтымын, әлденеге өкінетін сияқтымын. Осы мен кіммін???? Не деген қума болып кеттім?! Кейде ешкіммен сөйлескім келмей кетеді. Ол адамдардан түңілгендік немесе олардан қашқандық емес. Олардың көңіліне титтей де қаяу салмауға тырысу! Көңілсіз болсам, біреуге бір жақсылық жасағым келетін, қазір жақсылық жасайтын біреу де таппай отырмын. Не істеймін? Мына тығырықтан шығудың жолы қайсы? Өмір деген қамшының сабындай деген өтірік екен ғой. Өмір деген тым-тым ұзақ, тым-тым күрделі! Қазір маған біреу сәл жылы сөз айтса, көзім жасқа толып кетейін деп отыр. Е, АЛЛА медет бере көрші?! Кеше ғана өзіңе қызық көрінетін нәрсеге де қызықпай, өзіңмен өзің болу деген, нақтырақ айтсам, (толығырақ…)