Мұхаммед пайғамбарымыз (а.с.) бір мереке күнінде қуана ойнап жүрген балаларға қарап тұрып, олардың қастарында жыртық киімді бір баланың жылап отырғанын көреді.
Бірден қасына барып: – «Балалармен бірге неге ойнамайсың? Неге жыладың?»,- деп сұрады.
Бала қайғырып:
– Әкем пайғамбармен бірге пәлен соғыста қайтыс болды. Шешем басқа біреуге үйленді. Өгей әкем мені үйден қуып жіберді. Жейтін тамағым, киетін киімім, паналайтын жерім де жоқ. Әке-шешелері бар балалардың жақсы киім киініп, ойнап жүргендеріне қызығып, қорланып жылап тұрмын, – деп жауап бергенде, пайғамбарымыз оның қолынан ұстап:
– Мен – әкең, Айша – шешең, Хасан мен Хұсейннің саған – бауыр болуын қалар ма едің? – деп сұрады.
Сонда бала өзімен сөйлесіп тұрғанның пайғамбарымыз екенін біліп:
– Әрине, я, Расулаллаһ! Қалайша разы болмаймын, – деп қуана жауап қатты.
Баланы үйіне ертіп апарып, тамақтандырып, жақсылап киіндіргеннен кейін шаттанған баланы достарының қасына қайта жіберді.
Балалар оны көргенде:
– Жаңа ғана жылап тұр едің. Қалайша қуанып қайттың? – деп сұрады.
Бала мән-жайды толық айтып бергенде, достары:
– Шіркін, біздің де әкелеріміз сол соғыста шейіт болып, біз де сен сияқты болғанда ғой, – десті тамсана…
Posts Tagged ‘Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)’
Жанашырлық
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized, tagged "Тағлым тамшылары", Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), жанашырлық, жетім бала, Құдайберді Бағашар on Мамыр 1, 2010| Leave a Comment »
Сөз бен іс
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized, tagged "Тағлым тамшылары", Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), еңбекқор, Құдайберді Бағашар on Ақпан 26, 2010| 7 Comments »
Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір сапарда ат басын тежеп, достарымен бірге көліктерінен түсер-түспес жүктерін жерге қойысты. Жолсоқты боп қарын ашқандықтан бір қой сойып жеуге ақылдасты. Бар жұмысты әркім өзара бөлісе бастады.
Біреуі:- Қойды мен сояйын,- деді.
Екіншісі:- Терісін мен сыпырайын,- деді.
Үшіншісі:- Ет пісіру менің мойнымда болсын,- деді.
Сол кезде Пайғамбарымыз да:- Шөлден отын жинап қайтуға мен барайын,- деді. Бұны естігенде сахабалардың бәрі әбігерленіп:- Уа, Аллаһтың құрметті Елшісі! Еш әуре болмастан сіз көлеңкеде сәл тыныға тұрыңыз. Біз өзіміз- ақ бәрін қуана-қуана істейміз,- десті.
Сонда Пайғамбарымыз: – Иә, бұл жұмыстарды мен сендердің өздерің-ақ істей алатындарыңды білем, алайда Аллаһ тағала қандай да бір құлдың өзін өзгелерден артық сезініп дос-жарандарынан бөлек отырғанын ұнатпайды,- деп жауап берген еді.
Сөйтті де, шөлге барып бір құшақ отын теріп әкелді…
Бұл Аллаһ елшісінің сөзі мен ісі тең, турашыл сипатының қарапайым ғана бір көрінісі.
Құдайберді Бағашар, «Тағлым тамшылары»
Уәдеге беріктік
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized, tagged "Тағлым тамшылары", Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), уәде., Құдайберді Бағашар on Ақпан 14, 2010| 4 Comments »
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қай іске болсын аса бір жауапкершілікпен қараған. Тіпті біреуге уәде берсе, сол уәдесін орындағанша асығатын.
Өзін іздеп келген досы бір күні онымен базарда кездеспек болып келісті. Айтқан уақытынан сәл ерте барған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өткен-кеткеннен уақыт сұрап досын күтіп тұрды. Өкінішке орай досы көп кешікті. Қас қарайғанша күтті, келмеді…
…Екі-үш күннен соң бір жұмыстармен базарға соққан досы өзін уәделескен жерде әлі күтіп тұрған Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көріп қатты таңғалды. Іштей әлдеқашан есінен тарс шығып кеткен кездесу есіне түсіп қатты ұялды. Шынында да, ұмытып кеткен екен. Ал Пайғамбарымыз болса оны екі-үш күннен бері тапжылмастан сол орында күтіп тұр еді. Досы өзінің қай іске болсын бей-жай қарайтын салғырттығына бас шайқап қатты өкініш білдірді. Бір жағы, ел айтып жүрген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өз ісіне барынша жауапкершілікпен қарайтындығына осы жолы анық көз жеткізген еді.
Өйткені жақындап келген досына Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жай ғана: – Мені неге күттірдің? Біраз шаруаларым аяқсыз қалды ғой,- дегеннен басқа ештеңе айтпаған-ды…
«Уәде-Құдай сөзі» демекші, рас, Пайғамбарымыз қай істе де үмметіне өнеге бола білген.
Құдайберді Бағашар, «Тағлым тамшылары» кітабынан
Әзіл жайлы әңгіме
Posted in Ғибратты әңгімелер, Uncategorized, tagged "Тағлым тамшылары", Пайғамбарымыз (с.ғ.с.), әзіл, Құдайберді Бағашар, өтірік айтпау on Қаңтар 15, 2010| Leave a Comment »
(немесе агент жазбаларынан)
Janar Sh. (13:56) :
Әзіл айтса да ақиқаттан аттамаған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Әзілдеп болса да өтірік айтудан сақтанған адамға жұмақтың ортасынан жай беріледі» деп, әзіл айтудың да өз тәрбиесі барын үмбетіне ескерткен (Әбу Дәуіт, Әдеб, 7).
Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с) әзілдері санаулы-ақ болған:
Бірде бір қарт әйел келіп: «Мен де жұмаққа кірейін, дұға етіңізші»,- деп өтінгенде, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған: «Қарт кісілер жұмаққа кірмейді»,- деп әзілдеді. Бұны шын көріп қалған әлгі әйел солқылдап жылап жіберді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйелдер қартайған түрінде емес, Аллаһ оларды уыздай жас күйінде Жұмаққа кіргізеді»,- деп түсіндірді (Тирмизи, Шәмаил, 18).
Тағы бірде бір кісі келіп, мініске көлік сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Жарайды, сені бір түйенің ботасына мінгізейік»,- дейді. Ол кісі: «Мен ботаға қалай мінем?»- деп таңданғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған күліп: «Түйе – түйеден тумай ма, әр түйе бір түйенің ботасы емес пе?!»- деп әзілдегенін аңғартты (Әбу Дәуіт, Әдеб, 84).
Иә, иманды адам әрдайым байыпты болуы тиіс. Әзілдесе де орнымен әзілдеп, күлсе де білікпен күліп, тәрбиесі мен көргенділігін байқатуы тиіс. Өмірі тірі жанға жылы қабақ танытып, жылы сөз айтып, күлімсіреу дегенді білмейтін қаталдық пен қарадүрсін мінез оған жат.
Үлкен әулие Жәләладдин Руми адамның күлкісі-ақ көп нәрсені аңғартатынын меңзеп:
«Қалай күлгеніне қарап кісінің – әдептілігін, неге күлгеніне қарап – оның ақыл-өрісін танимын» деген екен.
Қ. Бағашарұлы