Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Posts Tagged ‘уәзір’

Баяғы өткен заманда бір патша болыпты. Өзі өте әділ, жұртына мейірбан екен. Ұмытпасам, «әділ басшыға жақсы қосшы берем» деген мәнде хадис болса керек, ол кісінің уәзірлері де иманды, өмірдің мәнін білетін жандар екен. Бас уәзірі үнемі, қандай іс болмасын «бұның да бір қайыры бар, патшам», – деп отырады екен. Бір күні патша үстелінің үстіндегі алманы пышақпен кесіп жеймін деп, саусағын орып алыпты / патшалардың пышағы тым өткір болады ғой/. Бұны көрген бас уәір «Бұның да бір қайыры бар, патшам», – деп, дәкемен қолын байлайын деп жатса, қолы ауырып, жаны қиналып отырған патша: «Менің азап шегуімнен қандай жақсылық күтуге болады? Апарыңдар мынаны зынданға!» – деп айқалапты. Қос уәзір екі қолтығынан сүйреп алып (толығырақ…)

Read Full Post »

1116660Баяғыда бір патша болыпты (баяғыда патшалар көп болған ғой). Сол көп патшаның бірі өз бақшасында демалып отырса керек. Табиғат сұлу ғой, ал патша бағының қандай болатынын елестете беріңіз. Сол әсем бақтағы бір алма ағашының гүлін бұлбұл құс тұмсығымен үзе бастапты. Оны көрген патша уәзірінен: «Ана бұлбұл не істеп жатыр?» деп сұрапты. Уәзірі: «Ол өз жазасын алуға асығуда», дейді. Әнші құс біраздан соң ұясына жақындап шыр-пыры шығып шырылдай, біресе жоғары, біресе төмен ұшып, жан біткеннің назарын өзіне аударыпты. (толығырақ…)

Read Full Post »