Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Posts Tagged ‘Қоғам’

Сіз кедейсіз,
Ақылдысыз несіне?
Несіне күрсінесіз кей түнде?!
… Қоғамдық пікірлер есінеп,
Қоғамдық көліктердегі қариялардың кейпінде,
Тұр әне..!
Немересінің достары, бәлкім,
(Айналдым!)
Отыр.
Көзінің шырағы,
Ардагерлері болашақ майданның.
Сіз кедейсіз.
Сіздің ақылыңыз – сол қарияның шашы ағарған,
Кедейлігіңіз – оның көңілі,
Күрсінісіңіз – қатыгез жылдарға тоналған
Өмірі!
Кедейдің ақылы
Оның аш қалуына толық жетеді.
Адалдық жайлы ұрандардың мәтіні
жазылған
қағаздарды кемірудің не екенін
сіз білесіз, тегінде,
Ол қағаздар айналмайды ақшаға!
Менің де
Кедей болуға басым жетті, жақсы аға!
Құрметтеудің дәуірі өткен кедейді,
Сондықтан,
Көбінің кедей болуға батылы жетпейді…
… Еңбек етпеген нан жемейді!
немесе
Нан жемеген еңбек етпейді!

Ерлан Жүніс

Read Full Post »

Адам баласының не нәрседен де жалығатын кездері болады. Мейлі, ол алтынмен апталып, күміспен күптелген қымбат дүние болсын, мейлі ол талайларды тамсандырған тақ пен тәж болсын – бәрібір ол адам баласының жанын келте ғұмырда мәңгі шуақтандырып тұра алмайды. Сол сияқты біздің кез келген нәрсеге көзқарасымыз да тұрақты емес. Қызығушылығымыз бен құмарлығымыз құбылып тұруға бейім. Кейде әсемдік пен әдептілікіті құп көрсек, енді бір сәтте дөрекілік пен ретсіздіктен де бой тартпаймыз. Мәселен, әжем мен киетін киімді мүлде ұнатпайды. «Етегін ит талағандай қылып не киіп алғансың?» деп кейиді сәнге айналған киімге. Соған қарағанда, талғамды қалыптастыратын заман, замандастар, сол уақытқа тән мінездер сияқты. Киімді қойшы, киімнен де маңызды нәрселер бар ғой. Мысалы, мінез. Неге екенін қайдам, бүгінгі әлем дөрекі. (толығырақ…)

Read Full Post »