Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Posts Tagged ‘достар’

Баяғы өткен заманда бір патша болыпты. Өзі өте әділ, жұртына мейірбан екен. Ұмытпасам, «әділ басшыға жақсы қосшы берем» деген мәнде хадис болса керек, ол кісінің уәзірлері де иманды, өмірдің мәнін білетін жандар екен. Бас уәзірі үнемі, қандай іс болмасын «бұның да бір қайыры бар, патшам», – деп отырады екен. Бір күні патша үстелінің үстіндегі алманы пышақпен кесіп жеймін деп, саусағын орып алыпты / патшалардың пышағы тым өткір болады ғой/. Бұны көрген бас уәір «Бұның да бір қайыры бар, патшам», – деп, дәкемен қолын байлайын деп жатса, қолы ауырып, жаны қиналып отырған патша: «Менің азап шегуімнен қандай жақсылық күтуге болады? Апарыңдар мынаны зынданға!» – деп айқалапты. Қос уәзір екі қолтығынан сүйреп алып (толығырақ…)

Read Full Post »

1014372_ef06_625x1000Рүстемнің мінезі өте қиын болыпты. Қасындағы барлық достарын өзіне қарсы деп ойлап, үнемі оларға ренжіп жүреді екен. Қит етсе, әке-шешесіне келіп шағым айтуды әдетке айналдырыпты. Тіпті, әке-шешесі де оның шағымдарынан әбден жалығыпты. Бір күні Рүстем тағы да әкесіне шағым айтып келгенде әкесі:
– Ұлым, сенің бір де бір жақсы жолдасың жоқ па? Балалардың барлығы бірдей жаман болмайды ғой. Неге достарңның бойынан тек кемшілік көре бересің? Олардың жақсы жақтарын да көруге тырыссаңшы. Бұдан кейін келіп маған шағымданушы болма! – депті. (толығырақ…)

Read Full Post »