Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Posts Tagged ‘ғұлама’

Баяғыда біреудің баласы өкпелегіш болыпты. Күн жаңбырлы болса «Күн суық» деп ренжиді екен, күн ыстық болса «Күн ыстық қой» деп бұртиып жүреді екен. Ит үрсе, оны қабатындай, сиыр алайып қараса, оны жақтырмағандай сезіледі екен. Ата-анасы оны мақтаса да жақпайды, ұрысса да жақпайды!… Содан не керек, «іштен шыққан шұбар…»- ды тәрбиелеу үшін бір ғұламаға алып бармай ма. Сонда әлгі ғұалама шіркін де олардың өзін айыптапты: «Балаға дұрыс тәрбие бере алмай жүрген – өздеріңсіңдер! Өкпешілі несі тағы? Тойдырып тамақ беріңдер, бабын табыңдар» деп кеңес береді. Мұны естіген ата-ана күліпті де кешке сол ғұламаны үйлеріне қонаққа шақырыпты. Әдейі мол қылып ет асып, оны тіпті қонағына да бермей баласын күтіпті. Кешке ойыннан оралған баласы былбырап піскен әлгі етті көріп, тамсанып отырып: «Маған осынша ет қалдырғандарыңда, өздерің менен де көп жеген шығарсыңдар!» деп тағы ренжіпті….

Read Full Post »