Радиожурналистика пәнінен сабақ берген Клара Қабылғазина апайымыз әр сабақ сайын бізге түрлі тапсырмалар орындататын, (түрлі) сценарийлер жазғызып, жазғанымызды талдатып, қате тұстарын түзетуді әдетке айналдырған.
«Жақсы тақырып – жарым мақала». Жазған материалдарыңның тақырыбы елді елең еткізіп, есінде қалатындай тың болуы керек», – дейтін үнемі ол кісі.
Бірде осы пәннен Еңлікгүл атты құрбымыз «Қылмыскер қайдан секіреді?» деген материалдар дайындап келіпті. Бәріміздің елең ете қалғанымыз рас. «Көк дөнен жүйрік пе, көңіл жүйрік пе?» деген, Еңлікгүл жазған материалын бастағанша, ойымызға не келіп, не кетпеді дейсіз. «Түрмеде отырған қылмыскерлердің секіріп қашатын орны болған ғой. Сол мәселе мақаласына арқау болды ма екен?» деп ақырын сыбырласып қоямыз. Тақырыбын және бір қайталап барып, Еңлік қыз материалын оқуға кірісті, мұқият тыңдап біз отырмыз.
«Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» деген, ал қылмыскер қайдан секіреді? Қадірлі тыңдармандар, бүгінгі біздің ….»
Апайымыздан қорыққанымыздан әрі ұялғанымыздан күлкіге булығып отыр едік, арт жақтан шыдамаған бір-екі студент мырс-мырс ете түсті де, әрең отырған топ ду күлді.
Сөйтсе, Еңлікгүл қылмыскерлер қылмысқа не үшін барады: құныққаннан ба, әлде тарыққаннан ба, – соны айтқысы келген екен. Біраз уақыт біздің курс «Қылмыскердің қайдан секіретіні» туралы ойлап, әбден «бас қатырғанбыз».
Кәмшат
Керемет әзіл.
//«Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» деген, ал қыл мыскер қайдан секіреді? Қадірлі тың дармандар, бүгінгі біздің ….»// 🙂 🙂
иә, осы сөзіне қазір өзі де күледі ол қыздың. Газетке шыққанда да ренжімеген 🙂
Мен сияқты шала қазақ болған шығар? 🙂
Жога-а-а, Акзере, сізді шала казак деп ойламаймын :). Ол кыз да таза казак болатын 🙂
Сіз шала қазаққа ұқсамайсыз.
Мүмкін, ол қыз аәдейі қызық болсын деп алған болар осы тақырыпты. Орыстардың кейбір газеттерінде көптеп кездеседі осындай тақырыптар.
Сіз сеніңізші, ол қыз әдейі жазбады 🙂
Қылмыскер қайдан емес, дұрысы неге секіреді болу керек. Аты айғайлап тұрсын дегеннен шыққан кер шығар?!
«Сөйтсе, Еңлікгүл қылмыскерлер қылмысқа не үшін барады: құныққаннан ба, әлде тарыққаннан ба, – соны айтқысы келген екен. Біраз уақыт біздің курс «Қылмыскердің қайдан секіретіні» туралы ойлап, әбден «бас қатырғанбыз».
Дұрысы осы. 🙂