Кімнің айтқаны есімде жоқ, «Кітапсыз үй – терезесіз бөлме» деген қанатты сөз бар. Оқымаса да, кітап жинайтын таныстарым бар. «Керек болар» дейді. (Керек болары даусыз ғой. Оқыса, одан да жақсы болар еді деп ойлап қоям.). Кітапқа құмарлық кітап ұрлау – күнә емес деген қағиданы енгізді. Біраз кісілерден сұрадым, олар да осы пікірді қуаттайды. Қызық! Қадыр Мырза Әли ағамыз «Иірімінде»: «келген қонақтардың құшақтаған боп, арқасынан қаққан боп кітап алып кетпеді ме, – соны қараймын» дейді (К.Ә. сөзбе сөз емес). Бұл үрдіс жазушылардың арасында да бар. Менің ақ көңіл Айгүл деген таныс апайым бар. Ол кісі де танымал бір журналист үйіне қонақ болып, шығар кезде бірден кітап сөресіне жүгіретінін айтады. Ұят қылық, бірақ ешкім ерсі санамайды.
Студент кезімде стипендияма ара-тұра кітап сатып алуды әдет еткенмін. Тура 28-маусым, өз мерекемізге орай өзіме өзім үлкееен сый жасадым. Көлемді ақшаға кітап сатып алдым. Бұрын өзім оқитын кітаптарды ғана алсам, осы жолы папамның немерелерін ойлап, балалар кітабын көбірек алдым. Қазақ тіліндегі жақсы-жақсы энциклопедиялар шыға бастапты, әлі де аздық ететіні орыс тілді балаларға арналған энциклопедиялардың жанында көрініп тұр. Үйге келген осы құнды жәдігерлерді олар оқыса екен деп тілеймін.
Есіме талай адамға таратып берген кітаптарым түсті. Қайтпаса да, өкінбегенімді сезіндім! Өйткені олар менің қымбат достарым ғой! Өзімде Жанар қыздың бір кітабы бар, қайтару керек, АЛЛА қаласа 🙂
Құндылық
Маусым 30, 2009 авторы Ainameken
Өткенде кішкене жиенімді сауда үйіне ертіп барып, содан кішкене сумочка алып бер деді, одан да кітап алайық деп, қазақша кітап сатып әпрегенмін. Ондағым — қазірден қызығушылық болсын дегенім еді.
Өте жақсы шешеім екен, Баян ару! 🙂
Кітап сатып алып, бірақ оқымай қоятын »ауру» пайда болды. Көшкен кезде ең ауыр болған сол кітаптар еді.
Көбіне қандай тақырыптардағы кітаптарды оқисыз?
көбіне әдеби, діни. Әлі күнге ертегі оқимын 🙂 Соған сенем 🙂
Меніңде дәл сенікіндей жақсы әдетім бар, ай сайын жалақыма бір әдеби кітап сатып аламын)
Үйде кітаптар көп, бірақ жаңашылыққа құштарлықпа, оларға әлі қызықпадым)
Блогың сүйкімді екен =)
Әдетіңіз кісі қызығарлықтай екен! Рахмет пікіріңізге! 🙂
Бала күнімде әкем үйреткен еді жинауды. Қазір онша қорым жоқ. Ал әкем де көп. Енді үйім болып жатса жинаймын ғой… 🙂
Жөн екен, Айкона! Үйіңіз болғанға дейін де жинай беріңіз :). Айтпақшы, мен өзім алған кітаптарға ат-жөнімді жазып тастаймын ғой. Сөйтсем, әпкем айтады: «Сен тұрмысқа шығып кетсең, кітаптарыңды ала кетесің ба?» деп. Мен күліп, алып кетпейтінімді айттым. Үйімде де менен естелік болып бір құнды жәдігерлер қалу керек қой, иә? 🙂
Дұрыс айтасыз Кәмшат. Кітаптарым өзіммен бірге қазірше көшіп жүр. Күйеуге шықсам үйде қалады ғой. 🙂 Үйге қыдырып келген кезде ашып оқып, еске түсіретін қызықтар болу керек қой. Бала күнімде бір кітап оқысам папаммен талқылауға асығатын едім. Білмеймін папамның ойын білуге асығатынмын. Қазір де барлық темаларда ашық талқылай беремін.
Осы кітаптарға байланысты менің де ауруым бар!
Біріншісі, мен кітап алмасам да кітап дүкенінде сағаттап бола аламын, кітаптар әлемінен шыққым келмей кетеді.
Екіншісі, кітап сұрап аламын оқуға, бірақ кітап қатты ұнаса қайтарып бергім келмейді.
Ал жалпы кітап оқыған керемет қой, кейде осы әлемнен қашып кеткім келгенде, кітапқа саяхат жасап кетемін
Кітап деген керемет қой. Кейбірі кітаптың бетін де ашпайды. Жоламайды да ғой… Сондықтан мені кітапқа баулытып жаратқан Жаратқаныма мың да бір алғыс!
ал оларға «кітап деген бар» десең түсінбейді, атғы өзі «не таптың осы кітаптан?» деп таңғалатыны қайтесің!