Баяғыда бір адамның досы аю болыпты. Аюды мәпелеп күтіп, баптаған соң, ол да оған қалтқысыз берілген екен. Күндердің күнінде әлгі кісі ауырып, біраз уақыт төсек тартып жатып қалыпты. Аю ол кезде қатты уайымдап, тіпті жүдеп кетіпті. Бір күні әлгі кісінің жағдайы сәл жақсарып, күн көзіне шығып отырса, аю досы да қуанып, қорбаңдап жанында жүріпті. Бұл ұлы қуанышқа өз септігін де тигізуді ойлайды нән дос. Дәл сол сәтте әлгі науқас жанның бетіне шыбын қонып, мазасын алыпты. Қолымен желпісе, ұшып кетіп, қайта айналып келіп қонады екен. Мұны көріп тұрған аюдың да шыдамы кетеді әрі жақсылық жасаудың сәті түсті деп ойлайды. Сөйтіп, досының бетіне қонған шыбынды үркітем деп, бар күшімен бетінен салып қалып, өлтіріп қойыпты.
Ыбырай Алтынсарин
хммм 😦
ияя)))