Дүние кен шағында
Не кірді арамызга?
Осынау жер шарында
екеуміз ганамыз ба?
Бурканса байыпты кун
Дауылын шегерер ме?
Алдында айыптымын
Жаным-ау, соге берме!
деген ан тындап отырмын, достым. сондай жаксы ан… мун бар. ащы бірак аппак мун… бул андегі муннын аппак болу себебі сагыныштын дамі араласканнан болса керек, ия…
Бір кезде жазган хаттардан:)))
Маусым 19, 2009 авторы Ainameken
Білесіз бе, бұл дүниеде сезімтал болудан ауыр нәрсе жоқ сияқты маған. Кейде тіпті сезімсіз адамдар әлдеқайда бақытты көрінеді. Бірақ оларға сезімнің тәтті дәмін татып көру бақыты бұйырмаған-ау деп тағы ойлаймын. Үнемі ауыр ойлармен арпалысып, кейде мұңға батып, кейде сағыныштан сарғайып, кейде сәл нәрсеге жүрегің жараланып, кейде қырандай түлеп, ал кейде бәрінен-бәрінен жалығып, өзің де анық білмейтін көз көрмес, құлақ естімес әлемге жетелейтін «Сезім» деген әлемнің тұрғындарына бар адамдар түсіністікпен қараса екен деймін…
Рауан, сол ауыр, ауыр да болса «жеңіл» жолды біздің жанымыз қалап тұрса, қайда қашып құтыламыз?… :)…
Рауан, маған Танагөздің мына өлеңі қатты ұнады! Оқып көріңізші?
Ақ пен қара өмірдің қос жолағын
Аппақ түске боямақшы боламын.
Ішімдегі сыймаған соң зор ағын
Қарға айналып қара жерге қонамын.
Танысалық, мен аппақ қар боламын.
Ренжітпеңдер ертегі елі қонағын.
Рас, талай жүректерді тонадым…
Ызғарымнан кейде өзім де тоңамын…
Рауан, қандай жақсы жаздың… 🙂
Осы әнді шыққан кезде мың қайталай тыңдай берген едім. Қазіргі кезде бізге осы әнді сыйлаған әнші Еркін Нұржанов ауруханада жатыр. Жаратқан ием, бізді осындай әндермен қуантқан сүйікті әншімізді тезірек арамызға қоссыншы деп тілеймін…
Расында да көптің тілегі қабыл болады дейді ғой, Еркінге АЛЛА жар болсын дейміз!!!
Бұл хаттың жауабы, егер ұмытпасам мынадай болу керек.
«Иә, бұл әнді білемін. Клипі шытырман түсірілген.»
:)…
Кейде сезімді сезінгім келмейді. Сезімдерімнің бәрі былтырғы көктеммен кетіп қалған сияқты…
Неге олай дейсіз, Айкона?
Өртеп еді мені де былтырғы көктем сезімімен…
Бұл хаттың адресаты бірнешеу болды ма екен?
…:) …