Жаным жабығып отыр… Әлденеге көңілім толмайды. Біреуден ұялатын сияқтымын, әлденеге өкінетін сияқтымын. Осы мен кіммін???? Не деген қума болып кеттім?! Кейде ешкіммен сөйлескім келмей кетеді. Ол адамдардан түңілгендік немесе олардан қашқандық емес. Олардың көңіліне титтей де қаяу салмауға тырысу! Көңілсіз болсам, біреуге бір жақсылық жасағым келетін, қазір жақсылық жасайтын біреу де таппай отырмын. Не істеймін? Мына тығырықтан шығудың жолы қайсы? Өмір деген қамшының сабындай деген өтірік екен ғой. Өмір деген тым-тым ұзақ, тым-тым күрделі! Қазір маған біреу сәл жылы сөз айтса, көзім жасқа толып кетейін деп отыр. Е, АЛЛА медет бере көрші?! Кеше ғана өзіңе қызық көрінетін нәрсеге де қызықпай, өзіңмен өзің болу деген, нақтырақ айтсам, жалғызсырау қандай қиын! Мен топ адамның ортасында отырмын. Олармен сөйлесіп отырмын. Олармен бірге күліп отырмын. Сырттай қарағанда бәрі тамаша, бәрі ғажап, ал көңілім… көңілімде күздің бораны ұлып тұр. Өз-өзіме көңілім толмағанда болатын көңіл күй бұл. Кітап оқығым келеді. Бірақ қандай кітап оқитынымды да біле алар емеспін. Бұндай сәтте бірден діни әңгіме не кәдімгі қазақы әфсана оқуға не есіме түсіруге тырысушы едім, оған да зауқым жоқ. Көңілсіздік тез тарқаушы еді, бес минутта оны бойымнан, ойымнан қуып тастаушы едім, менің күш-қайратым қайда кеткен? Оны кім ұрлап алып қойған? Көңілсіз болу, түнеріп отыру – жақсы қасиет емес. Жазған сайын ішім босап, жеңілдеп қалып жатқандаймын. Жоқ! мен өмірді сүйеді екенмін!! Рас айтам! Мен қазір жақсылық жасайтын біреу тауып алам, сосын жақсылық жасаймын!!! Сосын… сосын, ағыл да тегіл бір жылап алам да, қайтадан өмірге құштар боламын! Рас айтам! Дәл солай! Менің қазіргі күйім сағыныштан туындап отырған болар. Жанарым келді, Гүлжанайыммен кездесемін! Олардың жанында бір сәт отыру, олармен бір сұхбаттасу қаншалықты ғанибет екенін білсеңіздер ғой!!! Шүкір осыған да! Сансыз шүкір! Сіз айтыңызшы… Жоқ, сіз көмектесіңізші, өтінем сізден? Сізге бір жақсылық жасайыншы? Жымиысыңыз қандай жағымды! (әлде ол менікі ме?) 🙂
“Жанымның жазба нұсқасы…”
Маусым 22, 2009 авторы Ainameken
Posted in Өлеңдер, Uncategorized | Tagged жалғызсырау, жақсылық, кітап, сұхбаттасу, тығырықтан шығу, қазақы әфсана | 17 пікір
17 жауап
Пікір қалдыру Жауап беруден бас тарту
Блогтан іздеу
-
Соңғы жазбалар
Соңғы пікірлер
Мектеп бітіргенімізге біраз жы… туралы Назгул Нілдің тасуы туралы Ainameken Айнажанның батасы туралы Ainameken Айнажанның батасы туралы Разия Спам туралы карашаш Күнтізбе
Блог айдарлары
Мұрағат
1356
Қазақ блогшылары
- Ізгілік
- Айкона
- Алтыбақан
- Ансар
- Аршат
- Ақбөкен
- Ақзере
- Балдырған
- Бальзаминка
- Бахытгүл апай
- Баян
- Бақытнұр
- Бейне баян
- Ботагөз Икрамова
- Біздің Гауһар
- Ерлан Әбдірұлы деген қазақ
- Ерғанат Кеңесбекұлы
- Жанарбек
- Жандос Құсайынов деген қазақ
- Жанқозы-мекен
- Кәмшат Тасболат деген ару
- Кәрім
- Көңілашар
- МАХАББАТ ЖӘНЕ МАҒРИФАТ
- Марфужан
- Мұрат Есжан деген қазақ
- Назқоңыр
- Нұрғиса
- Рахым-Нұр
- Роза Әрен
- Русланнн
- Салтанжанның жүрек сөзі
- Серік Абас-шах
- Сымбат
- Сәкен
- Сәкен аға
- Тараз сұлуы
- Шеберлік ауылы
- ай сәулелі Айсәуле (+Мұрат)
- Әлия
- Әнек
- Әселхан
- Әсия деген әдемім!!!
- Қазақия
- Өркен Кенжебек деген қазақ
- Өрімтал
- Өсиет әңгімелер
Ең көп оқылғандар
Санақ
- 120 993 hits
Өтпелер
Ілмектер
"Тағлым тамшылары" Imam Agzam islam minez-kulyk Дөрекілік Ертегі Мұрат ЕСЖАН Мұса пайғамбар Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рахат Әбдірахманов Телефон адам баласы алтын аппақ қар ата-ана аялдама ақыл бай байлық бала дос достар жалғызсырау жақсылық жаңбыр жүргізуші жүректер жұмбақ сағыныш игілікті іс ит кедей кешірім кітап күміс көлік махаббат мейірім ниет патша пышақ сағыныш сезім студент сыйлық сіріңке сұлулық сұхбаттасу терезе тығырықтан шығу тәрбие уәзір хат хаттар шаңырақ көтеру шуақ ғажайып ғұлама Қалқаман Сарин Қар Қоғам Құдайберді Бағашар қазақы әфсана қойшы қыс құрбым үйлену үш дос ұят әдептілік әділ басшы әже әсемдік өлең өмір “Тағлым тамшылары”
Иә, дәл осындай жаныңның қалауы не екенін білмейтін кездер мен де болады. Ондайда шексіз мейірімді болып кетемін… Маған мейлі таудай залалы тисе да қазір кешіре салуға бармын. Ол бір тырнақ астындағы кірге де татымайтын нәрседей көрінеді. Рас, біреуден қолдау күтесің, адамдардың жылы мейірімін аңсайсың. Кейде тіпті іштей өкпелеп те қалам. Адамдар неге бір-бірінің жанын түсінуге тырыспайды екен деген мұңауи ойлар торлай бастайды. Бұның бәрі не деген түсініксіз сезімдер десем, оның бәрі көп ішіндегі жалғыздық екен…
Рауан, жаныңыз жабырқамай, жағдайыңыз жақсы болатын сәттер көп болсын!!!
Камшат, сіздің кейде неге осылай мұңды болып жүретініңізді ұғатын сияқтымын. Бірақ, бұл тек менің ғана сіз жайлы сезетінім. Олай емес болып шығуы да мүмкін.
Менің де осындай сәттерім болады өмірде. Сондай кезде бұл өмірде менен де асып, қайғырып жатқандар қаншама деп ойлаймын. Сосын, осы кездің де бір күні бітетінін қайталап айта берем. Ертең, таңертең осы көңіл күйім жоғалып кетеді, таңертең бәрі басқаша болады деп жұбатамын. Тек жақсылыққа сеніңіз, ертеңгі күнге, оның жадырап ататынына, бір күні болмасын бір күні сіздің бейбірекет, бақытты сәттер кешетініңізге сеніңіз!
Рахмет, Зере қыз! (Кейде) үнсіздікті ұнататыным болмаса, мен өзімді сұмдық оптимистер қатарына жатқызамын! :). Бірақ, осындай сәттер ойлануға, адамдарды түсінуге көп көмектеседі. Соны сезінем. Қызық. 🙂
Жаным құлазыған кезде мамам мен папама звандаймын. Кейде сол сәттен құтылу үшін небір түрлі ойларды ойлап тауып алам. Кейде тәтті бір нәрсе алып жеуге тырысам. Ойларымның арасына түскім келмейд, себебі тұрақтап тұрар жерді таппай қиналам…
Мен жанымның құлазыған сәтін ата-анама көрсеткім келмейді. Мүлде! Мен бір сәт уайымдап, сосын уайымның шапанын шешіп тастағаныммен, олар соны ойлауын қоймайды. Бауырларыма да білдірмеймін. Өзім шешкім келеді. Бәрін өзім шешкім келетінім қиын шығар, бірақ сол жақсы екенін мойындаймын!
Қыз баласы, көбінде, жылап алады екен. Осылайша, жабарқаған көңілдері орнына келеді ме екен?
Келеді, ауылдың баласы, жабырқаған көңілдеріміз орнынан келеді. Көзіңнен аққан екі тамшы жас жүректегі ащы уайымды өзіне сіңіріп, бірақ мөлдірлігін сақтаған қалпы сыртқа, жастыққа сырт-сырт тамады. Уайымдап-уайымдап, сосын сәл жылап, көңілің көтерілген сәтті, сол сәттің тәттілігін сезіне алған адамның бақытын көрсеңіз ғой! Сіз де бір мұң тауып алып, сосын соған жылап, сосын дәл сол қыздай қуанғыңыз, сол қыздай өмірге ғашық болғыңыз келеді! Рас айтам!!! 🙂
Ондай сәттер кез келген адамда болады ғой. Мен көбінесе, жаным жабырқаса, поэзия оқығанды немесе қазақы,қоңырүнді, жағымды әуендер тыңдағанды ұнатам.
КОЛШАТЫРСЫЗ АК КЕЛМИН
БОЛМЫСМ ОСЫ-КЫСКАСЫ:
ӨМІРІМ ӨЛЕҢ! ӨЛЕҢІМ-
ЖАНЫМНЫҢ ЖАЗБА НҰСҚАСЫ!
РАХАТ ӘБДІРАХМАНОВ АҒАМЫЗДЫҢ «ЖАНЫМНЫҢ ЖАЗБА НҰСҚАСЫ» атты жыр жинағындағы күзгі куй оленінен үзінді…
🙂 тамаша өлең, иә, Сало? Тақырып та сол өлеңнің бір тармағы, негізгі тармағы…
Мен дәл қазір сондай күйді бастан кешіп отырмын. Сондықтан сіздердің жазғандарыңыз көңіліме медеу болып, аз да болса құлазыған көңілімнің жарасын жаза алатын ем бола алды. Рахмет сіздерге!!!
АЛЛА разы болсын сізге де! Қош келдіңіз! (Көңіл құлазитын сәт аз болсын! :))) )
Әр адам жүрегінің түбінде жалғыз. (Аллаһқа емес, тек пенделерге қатысты айтқанда). Жабырқаған сәтіңізде өзгеден емес, өзіңізден сүйеу іздегеніңіз абзал шығар… 🙂
🙂 иәә
Шынында да,жүрегіңе мұң ұялап, сыздаган сәтте жылап алудан аскан ем жок шыгар сірә…Мундай сәттерде өлең оқығанды ұнатамын.Мысалы мына өлең…
Өмір маған кейде тау сияқты,
Шыңына шыққым келеді
Өмір маған кейде бір жау сияқты,
Аяққа жыққым келеді
Өмір маған кейде бір бел сияқты,
Гүлдерін тергім келеді
Өмір маған кейде бір шөл сияқты,
Сусынын бергім келедi
Өмір маған кейде бір от сияқты,
Жалынын алғым келеді
Мен үшін кейде бақыт жоқ сияқты
Өліп те қалғым келеді
Өмір маған кейде жақсы дос сияқты,
Күнде көргім келеді
Өмір маған үлкен керуен көш сияқты,
Жетектегім келеді
Өмір маған кейде адал жар сияқты,
Еркелеткім келеді
Мені күткен бір бақыт бар сияқты,
Ерте жеткім келеді
Өмір маған кейде сұлу қыз сияқты,
Құшақтап сүйгім келеді
Өмір маған кейде «апа», сіз сияқты,
Қуаныш үйгім келеді
Өмір маған шаттық сезім сияқты,
Мәз болып күлкім келеді
Өмір маған кейде өзім сияқты,
Өмір сүргім келеді.
Оой… Әсіресе, осындай ойға оранып отырған ұнайды маған. Өзіңмен өзің… Сол кезде жаңбырша төгіледі жас та, керемет ойлар да. Мынау қым-қуыт тірліктен шаршаған уақытта, осындай бір әлемнің терезесін қағып тұрып, ішіне үңілу сондай әәәдемі… Бірақ, сырт «әлем» мүлдем басқаша…