«Осы біз ру шежіресін не үшін оқимыз?» деген ой мазалап жүр. Бұрын мән бермейтінмін, кім қай рудан, қай жүзден – маңыздысы ол емес мен үшін. Қазір «күштеп» тұрып, өз руын танытатындарды көп көрем. Қазақша шатып-бұтып сөйлегенде 2 жасар баладан ары, салт-дәстүрге мақұрымдығы былай тұрсын, оны тіпті қабылдай да алмайтын, әдемі, ақылды қыз «менің руым ең мықты ру! Бар қазақтың қазақ болуына септігі тиген ру!» – деп, руластарын көргенде ерекше жадырап кететінін көргенде, таңқалдым. Руластарын көргенде жадырасын ғой, өзі біледі, бірақ оның руынан үлкен ұлты бар ғой! Ұлтымен неге мақтанбайды екен, ә?
Сосын бар ғой, біз әр рудың тарихын білгенде, оқығанда, өзге руларды кемсітіп, бетке басар қандай міні бар екенін білу үшін оқимыз ба деп қалдым. Белгілі кісілердің бейресми әңгіелерінде «саясатта біздің рудан мынанша адам жүр, өнерде мынанша, спортта мынанша» деп санамалап бергенін көргенде жағамды ұстадым.
Өзімнің күнде көретін бір досым да өз руын мақтағанда, жорғаңыз бекер қалады. Ешкім жетпейді! Сол жігіт те «қазақ боп туғаныма қуанам, бірақ мақтанбаймын» деді. Дәл солай айтты! Жаным ауырды. Солай бола ма??? Ұлтты жек көру, ұлтты емес, ұлтыңды жек көруге бола ма?
Қазір қазақты жамандау – сән! Кәдімгідей сән! Қазақтың қолынан не келеді деп бастайды. Қазақ ең бейшара дейді. Қарсы шықсаң, оған бет қаратпайды. Абайды алға тартады. Абайдың мақсаты – қазақты түзеу болды, ал бүгінгі сыншы-сымақтардың мақсаты не?! Бүтін ұлтты қорлауға, жамандауға құқысы бар ма?! Ұялмай ма оған?! Қазақты жамандап отырған кезде, оған өз руының атын атап, түсін түстеп, соны жамандасаң, неге қызылөңештеніп шыға келеді? Түсінуге келмейтін жайт!
«Әр қазақ менің жалғызым» дейтін Сабыр Адайдың сөзі есіме түседі осындайда. Румен емес, елмен мақтанатын күн қашан туар екен?!
Эххх… дегеннен басқа сондайларға ештеңе айтқым да келмейді.
ағайындылар арасында, отбасында айтылған жөн. Бірақ ата-аналарға айып таққым келмейді, дегенмен үйден көрген-естігенді бала, сыртта соны қайталайды емеспе?
Бір түріктің киносынан «әке, сен ең адал әкесің, өйткені – түріксің!» деген сөзді естіп, ойланып қалдым. Біз әкелерімізді «сен қазақ болғаның үшін (!) мықтысың!» деп айта аламыз ба? Ағайындылар арасында да, отбасында тәрбие мақсатында, түзеу мақсатында айтылу керек, бірақ «әй, бейшара қазақтың баласы-ай!» дегендей кемсітулер қалай болар екен?…
Бұл да бір аурудың түрі. Қазақ елінің басын қосар бір мақсат және осы елді бастайтын бір көсімі келмегенде осылай жалғаса берері анық….
Меніңше бәр гәп біздің санымыздың аздығында. Масса бар жерде небір көзқарас туындар еді. Одан барып, сапа талап етер едік. Ал қазір ондайды талап ете алмаймыз. Сол себепті осындай көрініс алып отыр. Біздің санымыз көбею керек..
Мақтану – іші қуыс кеудеңді бос соққылап, «мен! мен!» дей беру емес, әрине. Ашумен келіп, ашынып жаздым осы постты. Жай ғана, өз ұлтына деген құрметі болса ғой сол кісілердің деп ойлаймын да. «Қазақтың несі бар мақтанатын?» деп өзеурейтіндерді де білем. Қазақтың тізесіне ине піскілеуді қойса ғой, шіркін деп ойлаймын олар жайлы да.