Сағынамын. Бір қалада жүрсек-тагы жырақпыз. Кездеспейміз. Сөйлеспейміз. Бірақ оның Алматыда жүргенінің өзі көңіліме демеу. Тіпті басқа қалаға кеткенін естісем, жүрегім салмақтанып, көңілім жабырқайды. Бірақ мен сол бақытты бағаламай жүр екем… Өткенде бір қызбен сырластық… Оның сүйіктісі бұл өмірмен ерте қоштасыпты… Ару оның әр қылығын, әр сөзін айтқан сайын жылады. Енді ешқашан көрмейді… Үмітсіз… Шарасыз… Тіпті «М-Агентін» де, «Мой мирін» де жоймапты. Суреттері, жазбалары, ол соткасына көшіріп берген әндері, смстері, хаттары бәрі-бәрі сақтаулы…Смс келетіндей, ауылға барсам көретіндей, тап қазір телефон соғатындай күтемін дейді… Бірақ… Ал менің сүйіктім бар ғой… Жер бетінде ғой… Менде әйтеуір, бір күні көрем-ау деген үміт бар ғой… Шүкір Аллаға… Ару әңгімесін айтып отырғанда қоса жыладым, жүрегім шымырлап ауырды, ішім удай ашыды… Алланың қалауы, әрине… Шара бар ма? Оны одан ары жақсы көріп кеттім. Тіпті оған деген жүрек түбіндегі әлсіз де болса реніштерім түгел жуылып кетті… Дәл сол сәт оған хабарласып, даусын естіп, халін сұрағым келді, Кәмшат… Бірақ қара телефонды ашып, қайта жаптым… Әр намазда Алладан оның амандығын тіледім… Жалғанда болмашы нәрсе үшін қаншама жанды ренжіткенім, ренжігенім үшін қатты ұялдым…09.11.09
Сағат 23:21
Алматы..
Өмір осындай санқилы қиындықтарымен де мәнді ғой. Сабырлы болайық.
Хат иесінің тегі М.Дулатовтың «нигіне» ұқсас емес пе?
Ол кісінің тегі әйтеуір бір қыр баласының аты екені даусыз:)…
бірден кешсең….дандайсытып аласың….
Ал кешпесең…..
АЛАЙДА ер болғасын бірінші Ер мойнына алғаны ләзім…күткен дұрыс
Сағыныш… Әр нәрсенің қадіріне жетуге жол ашатын сағыныш…
Қай бір уақытты күтуді қою керек сияқты. Күтуді қоймасаң, басқа жаңашылыққа жол да ашылмайды…
Сіз табиғаттың өзі ғажайып қып жаратқан психологсыз!!! 🙂 АРБ!!! Осы қалпыңыз сондай жарасады сізге!
Ой, жаным, өмірдің өзі үйретті десем, артық айтпайтын шығармын… 🙂 Осыны бастан кешіргеннің өзі бір Жаратқанның сыйы екен деп кейін ұғады екенсің…
Келіспеске болмас.
мундаспыз-ау осы биз Макпал.
Men de ar namazda onyn amandygy ushin dyga etemin!!!!
Allah Tagalanyn razylygy ushin shyn suigen adamdarymyz aman jursin!