Мақта қар жауып тұр мақтаншақ,
Айнала шашылып ақ моншақ.
…Ал менің жапырақ жүрегім,
Жабықты жаз күнін қатты аңсап.
Қар жауды. Ұялшақ көктемнің,
Салқындық тағы да өпті ернін.
Құтқарып алатын мені ойдан,
Қайдасың көріктім,
…жоқ белгің.
Мен сені қамығып қанша күн,
Сағынып іздедім, аңсадым.
Бақ ішін қатал қыс кезіп жүр,
Тоңдырып сәмбітал саусағын.
Жазығы жоқ қардың кіршіксіз.
Бүріскен бұтасы бүршіксіз,
Ақ қайың арманым тек менің
Мұңайып тұрғандай мұң – шықсыз.
Қалқаман Сарин
Көктем мен қысты сәйкесінше ұялшақ, мақтаншақ, дегені Абайдың теңеулерінен кейін біртүрлі жаңаша көзқарастай көрінеді.
🙂 иә, әдемі теңеулері көп, табиғатқа жан ғана емес, сезім «бітірген» өлең сияқты
sizdin olen ba dep oilap halsam….
жоқ, менікі емес 🙂 . Астында авторы жазылып тұр. Қалқаман Сарин деген ақындікі екен