Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Archive for Қыркүйек 20th, 2009

Бүгін жексенбі. Күн бар шуағын төгіп, мейірленіп тұр. Ораза айттың алғашқы күні. Отыз күн оразаның қалай зу етіп өте шыққанын білмеймін. Қызық, былтыр ораза болғанда «келер жылы бірінші күнінен-ақ ауызашар бермесем» деген әдемі ой болған еді, оны орындамадым . Бірақ, келер жылы алғашқы күндері-ақ ауызашар берем деген ойға нық табан тіредім. АЛЛА жәрдем берсе екен! Соңғы күндері қонаққа шақырушылар көбейетіні соншалық, оразашыларға «талас» болып та қалып жатты . Шүкір АЛЛАға дейсің! Жұмыста ораза ұстағандардың 95 пайызы отызға толмағандар десем, өтірік болмас. Кілең жастар. Шүкір АЛЛАға! Мұрат деген әріптесіміз кеше «Түркияда мешітке қарт адамдар көп барады екен, олар соны уайымдайды. Бізде, АЛЛАға шүкір ғой, жастар көп барады. Осы қарқынымыздан таймасақ екен!» деді. Рахат әр ауызашар сайын ғибратты әңгімелерімен, әдемі уағыздарымен елді бір серпілтіп жүрді. АЛЛА разы болсын! Эльвираның үйіндегі ауызашар да тамаша болды! Балжан қыздың әңгімелері, Нұргүл, Гүлмиралар, өзіміздің Айкомыз, Көңілашарымыз қандай тамаша жандар, АЛЛАға аян! Расында да, ораза үлкен мереке және ең тәтті мереке! Отыз күн ойын, қырық күн тойын қылды деп ораза туралы айтқан шығар ата-бабаларымыз . Жиналып айтатын әңгімелерге айызың бір қанып, өз-өзіңе есеп бере бастайсың…
Бұрынғы кездерде оразаны адамдардың жақсы көретіні сондай, алты ай бойы қимай қоштасып, алты ай күткен екен. Жыл он екі ай ел жадынан шығармаған. Рахат кеше: «Әнебір жылы оразаның бітуіне мынанша күн қалды деп санайтынбыз. Биыл мүлде ондай болған жоқ. Қимастық басым! Менде, әйтеуір, солай», – деп күліп қояды. МАШАЛЛАХ!!! Келер оразаға дейін басымыз аман, бауырымыз бүтін, иманымыз кәміл болса екен!

Read Full Post »