Ауызашарға барып жүрген шығарсыз. (Айтпақшы, оразаңыз қабыл болсын!) Біздің үй жақында ауызашар берді. Ас ішіп отырғанда бір әжеміз «Ана, телевизорыңды қосып қойшы, қызым, Шехрезатты ұмытып кетпейік абыр-дабырда», – деді. Қонақтың айтқанын жерде қалдыру айып қой, «Қазақстанға» қойып бердім. Сізге өтірік, маған шын келген қонақтың бәрі, тіпті, аталар да көреді екен «Мың бір түнді». Ауылдағы күйбең тірліктен қол үзіп, қалаға көшіп келген қарттар ғой бұл кісілер.
Бұл жолғы ауызашардың былтырғыдан ерекшелігі сол – әңгіменің бәрі Шехрезат пен Онур, Бану мен Керем төңірегінде болды. Орта тұсқа келгенде сериалдың мәнсіз боп кеткенін, Шехрезаттың орынсыз тәкаппарлығын, Онурдың сенбейтін ақымақтығын сөз етісіті.
– Әй, осы Нәдиде қандай тамаша жан, ә! Жас кезінде қандай көркем болды деп мен соны елестеткім келеді, – деді Бақберген ата әзілдеп.
– Онур мен Шехрезат өмірде үйленіпті ғой.
Бұл Ақбілек апаның білмейтіні жоқ. Қалалық апа. Немересін жанына алып ғаламторда отырады ара-тұра. Өткенде бас кейіпкерлер жайлы мәлімет іздеген екен Бергюзар мен Халиттың (Шехрезат пен Онур) тойлары Kuruçeşme Les Ottomans мейрамханасында биылғы жылдың 7-тамызында болғанын, оған ең жақын деген 350 адамды шақырғанын оқыпты. Шехрезаттың 82-жылғы екені есінде болғанмен, Онурдың жасын ұмытып қалыпты.
– Өздерінің отбасы жоқ па екен? – деді Қадыр ата сәл жақтырмай, – әртістердің махаббаты көшпелі еді дәл кинодағыдай.
– Бұрынғы отбасыларын тастапты. Бұл өзі бір дерт болды ғой, – деді Ақбілек апа.
Айтпақшы, дәл осы Ақбілек апаның ұялы телефонының қоңырауы «Мың бір түннің» музыкасы деген ой үш ұйықтап, он түс көрсем де кірмес еді басыма. Үш саусақ қана сиятын қол сөмкесінен телефонын алып, сөйлесіп болған соң апалар арасында блютуз арқылы музыка алмасу болды. Қызық…
Өзім бұл сериалға арнайы уақыт бөліп, назар аудармасам да, үйдегілердің, жұмыстағылардың әңгімесінен біраз мағлұмат алыппын.
«Хабар» агенттігіндегі «Өмірге құштарлық» бағдарламасының сценаристі болып қызмет атқаратын Салтанат Жұмаділова: «Ол фильмде көбі шыдамсыз екені рас. «Шешем көнсе, әкем көнбейд, әкем көнсе, шешем көнбейд, әттең тонның келтесі-айдың» нағыз өзі. Бірде Онур қисайса, бірде Шехрезат қисайып, жұрттың жүйкесінде ойнайды. Мен солай жаза білгені үшін, көрермендерін баурап алғаны үшін сценаристеріне таңқаламын. Ол қаншама елдің көрермендерін телевизор алдына байлай білді! Телевизияның ішкі «кухнясын» білетін адам бұны бірден түсінеді, маман ретінде бағалайды. Ал, ұлттық тұрғыдан алып қарасақ, рас, ұтылатын тұсымыз көп. Әдебиет, кино, жалпы кез-келген нәрсе адам жанына сіңе береді ғой тамшылап. Елдің бәрі Нәдиде ханымның даналығын, Бурхан мырзаның даралығын сіңіріп жатса, құба-құп. Бірақ, олай бола бермейтіні өкінішті. Шехрезаттың сәл нәрсеге ашуланып, баласын ала сап кетіп қалатыны көрерменге қатты әсер етеді, кешірімшілдігенен бұрын», – дейді.
Сериал – адам уақытының ұрысы. Сериал сіздің проблемаларыңызды ұмыттырған сияқты болғанмен, өз проблемасын үстемелеп қосып береді. Сериал өз ұлтының сөздерін, болмысын сізге де егетінін жақсы білесіз.
Ата нақылын теледидардан, ана ақылын телесериалдан іздейтін заман ба деймін қазір. Әкесі баласын жанына алып оқ жонып, анасы қызына ертегі айта отырып тон пішетін әдемі сәттер тек киноларда ғана кездеседі. Онда да, сіз көріп жүрген түрлі кәріс, түрік сериалдарында емес, енді.
P.S. Сериалдардағыдай, жұмысқа келе сап поштамды тексермесем, басым ауырады. Бүгінде келіп поштамды ашсам, «Онурдың махаббатын, Шехрезаттың шапағатын, Канның еркелiгiн, Мехрибанның сабырын, Банудың сұлулығын, Керемнiң кемесiн, Бурхан мырзаның үйiн, Надиде ханымның миын берсiн. Осыны жеті адамға жiберсең, махаббатың Онур мен Шехрезаттiкiндей болсын, жiбермесең Фусун мен Али Кемальдiкiндей болады» деген хат тұр. Күлдім, күлдім де қойдым. Досыма «Мың бір түннің» соңы қалай аяқталатыны туралы жауап жаздым, оны Ақбілек апа айтқан. «Білесің бе, ол сериалда Шехрезат пен Онур қосылады екен. Көрікті келіншек өзге біреуге тұрмысқа шығайын деп жатқанда Нелюфер мен Канды жетелеп Онур келеді-міс. Сол сәтте жаңа күйеу оп-оңай-ақ «Сенің отбасың анау» деп басына қонғалы тұрған бақытын Онурға сыйлайды-мыс. Өмірде де олар өз отбасыларын бұзып, қайта қосылыпты. Расында да, олардың махаббаты мықты ма?» деп сұрадым. Ол да білмейді екен. Оны осы сериалды жіті қадағалап жүретін сіз білерсіз, бәлкім?
Кәмшат
Анар арудың блогында да осы фильм жайлы жазылған еді. Айналамдағы адамдардың осы киноға ықыласы, әсіресе, апалардың қылығы жазбасыма қоймады. :).
Қазақтың өз сериалдары, мәнді сериалдары шығатын күн алыс болмаса екен! Музыкасын бәріміз жазып алатын, актерлары жайлы ақпаратқа құныға құлақ түретін…
Ой Камшат айтпа, осы сериалды «жылап» отырып коретинимиз бар, каншама ауызашарга барып журип, менде ата-ажелермен калыспай жарысып корип журмин. Расыменде осы сериал жуйкеге тиіп бітетін болды, менде ана Акбілек әжен сиякты галамтордан калай бітетінін коріп алып уйдегілерге айтып бергенмін. Тіптен сериал турмак, кезінде теледидар коруге уакыты жок, агамнын өзін осы сериал байлап алды, бар жумысын тастап тура 8-де уйде болады гой)). Бугін міне бір дос кыздарым мусылмандар кафесіне ауыз ашарга шакырып еді, сериалды кимай бара алмай калатын шыгармын деп ойлап едим, онында жолы табылды калай дейсиздер гой, бір кыздын «китайский» теледидары бар «дәу» соткасы бар еді сол есіме тусіп звандасам аліде істеп тұр екен, сөйтіп отырып алып екеуміз коретін болдық!))
😀 бұл да бір заман ғой! Кейін еске алып жүресіз! Баяғыда бір ауылда жаппай Назарға қарап отырса, бір ұры кеп сиыр ұрлапты да, қораның есігіне: «Екі көзің Назарда, сиырың болса базарда» деп жазып кетіпті дейді. 🙂
Түрік сериалдары мен корей сериалдары жақсы болды біздерге… 🙂
Айтпаңыз, Ақзере! Қазір ОҚО жақта өзбек сериалдары хит болып тұр. Кішкентай балалар өзбекше еркін сөйлейді, тіпті, қазақшаға өзбекшені араластырып сөйлейді дейді. «Кинолары тамаша! Сен де сынып қаласың, сол киноны көрмесең тұра алмайсың» деп мықты жарнамасын да жасап тастады. Қызық…
ия Камшат, кезиндеги «рахмет саган Просто Мария», деп уйін тонап кетіпті дегендей гой)).
Кешеги кызыкты айтып берейін, сонымен кеше 6-7 адам жиналып мейрамханага бара калдык, мен гана емес тагы бир кыз жане онын куйеуі кореді екен Шехризатты, ушеуміз бір соткага жабысып ыгырымыз шыгып кетті. Залда бір улкен теледидар косылып турган болатын, ХитТВ арнасында, даяршы кыздан сурасам, баска каналга ауыстыруга болады ма деп, ол кыз бастыгымыз рухсат бермейди дейды. Содан уялмастан тура салып бастыгына жолыктым, жолы болгыр бір карапайым адам екен, демде косып беріп, барынша дауысын шыгарып берді, ал керек болса, карасам буткіл залдагы адам, кала берді официантка кыздар жаппай коріп жатыр, маган кулімдеп карап-карап кояды)), касымдагылар да дән риза, сойтіп бір емес екі сауап алып кайттым Шехризаттын аркасында))
😀 😀 😀 Даяшылар арманда жүр екен ғой, ия, іштей «Шехрезат не боп жатыр екееен?» деп. 🙂
Расында да, қызық болған екен. Осы көп кафелерде сол арнаны қосады, неге екен, ия?
Осы сериал бір бәле болды. Дәл кешкі ас ішіп жатқан кезде басталады өзі.
Үйдегінің бәрі соны қарап отырады. Содан амалсыз мен де көріп жүрмін.
:). Сосын «жұмысқа» барғанда да соны «амалсыз» жалғастырып көресіз бе?
Иә)
Кеше бітті ғой деймін осы сериал. Сондай діңкені құртқан сериал. Уақыты да қолайсыз.
Үйдегілермен басы қосылып дастархан басында тамақтануға мүмкіндік бермегені үшін жақтырмаймын 🙂
Қазір үйдегілермен бірге кешкі тамақ ішіп, арқа-жарқа боп, жақсы боп жүрсіз бе, Баянжан? :). Рас, әбден шаршатты!
Түркі халқын мұсылман елі деп білуші ем…. Осы сериалын көрген соң не деп ойларымды да білмей қалдым…
Түрік тілін өте жақсы білетіндер түрік халқының жақсы, иманды фильмдерін іздеп жүріп, бір-біріне беріп жүріп көреді. Сосын, қазір әлемдегі гуманитарлық ғылымы ең жақсы дамыған ел – осы түрік бауырларымыз екен. Фетхуллах Гюленінің өзі неге тұрады?! Қазір біздің әріптестеріміздің қолында сол кісінің аударма кітаптары.
Тек сол жақсы кинолары бізге жетпейтіні өкінішті. Тел арналарды сапасыз, мәнсіз дүниелерге толтырғанша, халыққа пайдалы бағдарламалармен толтырса игі еді..
🙂 Ол Асанқайғының арманы ғой, аптыры сол болатын, негізі :). Асан атамен партия құрайық, түріктің жақсы сериалдарын көрсетсін деп. Сіз де мүшесі боласыз ба, Қайнаржан? 🙂
Әзіл ғой, ренжіп қалмаңыз, жарай ма? Ол күн де келер, ИНШАЛЛАХ! Ол кезде тек өз Отанымыздың өнімдерін көреміз! Асыл арна да ашылды ғой, ел сенбеді басында. бірақ, шүкір АЛЛАға. сол сияқты ғой!
Асан қайғының партиясына қуана қуана қосылар едім… ))) Айтқаныңыз келсін.
🙂
Мен мың бір тун телехикаясын үзбей коріп шықтым, өте қызық және Қазақстан теле арнасына айтарым тағы да осындай махаббат туралы кино берсеңіздер екен,
Abden kuldirdiniz goi meni, serialga jakyn jan emespin alaida bul kino talai kyzu angimenin kuasi bolganmyn.:))
Гүлназжан, киноға ше? ;). Мен сізді келген соң киноға шақырар едім 🙂
Сериал көрмейтін қандай бақытты жан едім. Бір досым айтып еді: «Нағашы әжем кешкі 16-дан түнгі 21-ге дейін тд-ның алдына отырып алады да ешкімді жолатпай барлық каналдағы сериалды таусып шығады. Сөйтіп тд-ның алдына жайнаңдап отырған анамыз ең соңында қан қысымы көтеріліп ауырып, жедел жәрдем шақыртады» деп…
рас айтасыз, сериал көрмеу, оған мән бермеу – ол да жақсылық.
«Ағайындылар» сериалын да көрмедіңіз бе? 🙂
тамаша жазылған екен. маған осы сериалдың өзінен гөрі маңайындағы қаншама ой толғамдар ұнап отыр. өзім де осындай «хикаялдарды» ана тілімізге тәржімалау шаруашылығында жұмыс істейтін едім. кезінде «Байларды да жылатып» басталған эпопея, яғни мәні де мағынасы да жоқ күлдібадам дүниені қалың көрерменге ұсыну жуық арада бітпейтін сияқты. яғни, мен жұмыссыз қалам деп уайымдамайтын болдым.))) Дегенмен, күлетін түк те жоқ. Қазаққа келтірген залалы қорадағы сиырымен шектелсе, барсын дейміз ғой. Садақа дағы! Менің әлі күнге дейін есімде, осы сериалдар беріле бастаған тоқсаныншы жылдардың сонау басында, басы бар соңы жоқ «Санта-Барбараны» көрсетіп жатса, үйдегілер кәдімгідей тыйып тастайтын қарама деп. яғни жат қылықтарды көрмесін дегені ғой. кейін, отбасымызбен отырып көретін болдық. бәлен басталады қазір, оған дейін қораны жайғап тастайық, кешкі асымызды ішіп алайық деп шаруаның да ретін теледидар бағдарламасына лайықтап жоспарлайтынбыз. үй арасында екі үй көршіміз Бақыт апайдың теледидары жанып кеткен, ол кісі біздікіне келіп көреді. арадағы екі үйге бармайды, себебі олар бұл кезде басқа сериалды тамашалайды, ал ол сериалды ертесінде күндіз қайталаған кезде көруге болады. тәтем марқұм анайы сцена болып жатса міндетті түрде «өй, лағынет» деп қояды. сөйтіп, сериал бірте-бірте біз секілді қазақы отбасының мамыражай тұрмысына араласты да кетті. ауылдағы «анау өйтіпті, мынау бүйтіпті» деген өсекпен жылап көрісетін болдық. ендігі өсектің тақырыбы – сериал.
Менің дәл қазір аударып отырғаным – Рим патшалығы туралы деректі сериал. Арасында, готтарды, Қара теңіз жағалауын мекен еткен тайпаларды Римге қарай ығыстырған ғұндар екені айтылғанына біртүрлі іштартып, жақсы көріп аударып отырмын. Алдындағылар сияқты емес. әй, қандай сериал болса да өзге тілде көргеніміз дұрыс еді. мыналар қазақша эфирді толтырамыз дейді де, нешетүрлі нәрсені аудартып қояды. өткенде қасымда отыратын апайға аспаздық туралы аудару керек болды. бір кезде апай тулап қоя берсін, мынаны қалай аударамын деп. сөйтсек, бір серия толығымен харамның етінен жасалған тағамға арналған. алдында, сол харамның еті кездессе, сиырдың еті, қойдың еті деп алайық деп келіскенбіз. ал мына серияда тұтасымен сол туралы, қалай сойып, үйіткенінен басталады екен. оны қанша жерден қойдың еті десең де, видеодан қандай «қойдыкі» екені көрініп тұр. содан бар тәржіма шаруашылығндағы адамдар жиылып қағаз жаздық «жоғарыға». сондағы «жоғарының» жауабы: біз әр серияны «***» -долларға сатып аламыз, аудармай тастауға болмайды.» Міне. кейінгі сериалдарда азғындықтың жеті атасымен танысып жатырмыз. оны қойшы. енді соны өзі жетісе алмай тұрған, талай құқайды көрген қазақ тіліне аудару деген неткен қасірет, қорлық?! өзіңіз айтыңызшы «голубой», «розовая», «онанизм» деген сияқты нешетүрлі сөздерді, мен қазақ тіліне қалай аударам? Шынымды айтсам, мен өзім аударған фильмдерді жұрт көрмейтін шығар деп жұбанам. Көрмей-ақ қойса екен. Ол сериалдардың қайдан келетіні, не себептен сол тақырып болатыны бұл арнамыздың және сыртқы біреулердің жеке саясаты болғандықтан кіріспей-ақ қояйын. осынша қорланатыны бар несіне, істейді екен неге басқа кәсіп тауып алмайды екен дейтін шығар біреулер. шынында, ұлтымды сүйем деу, және соның жолында қанымды, жанымды тұрмақ күнкөрістік қамымды құрбан ете алмау есті адамның ақылына сыймас.
(пікірімді аяқтаған жоқ едім, «пікіріңізді жіберіңіз» басылып кетті….)
мұндай екіжүзділік қылғанша екінің бірін таңда, ұлт халық бәлен түген дегеннің бәрі бос далбаса екенін мойында дағы сол жұмысыңды істеп жүре бер, немесе… бірақ деймін-ау, мен кеткеннен бірдеңе өзгере ме? олай ойлаудың өзі күлкілі. орныма басқа біреу келеді ғой бәрібір. ендеше, осының ішінде жүріп, қалай болып жатқанын көріп, бір әрекет қылу керек. егер әрекет қылмасаң жауыздығың сол Амантайдың ұрпағы!…
Содан, біз айтамыз ғой, баяғы, түрік сериалдарын аударайық та, Латын Америкасының сериалдары менталитетімізге жат, оны қазақ аудиториясы қабылдамайды деп, олар айтады екен түрік сериалдарын орыстілді аудиториясына көрсетеміз, орыс тілінде көрсеткен жақсы, сондай сауалнама нәтижелері бар деген сияқты әңгімелер. Сол біздің жылап көрісе жаздап жүрген түрік сериалымыздың өзінің тақырыбы бір қарағанда ізгілікке, әділдікке, Жүсіп секілді қаһармандарды насихаттауға құрылғанымен атыс-шабыс, кісі өлтіру дегенді санамызға сіңіріп жатқан жоқ па? ал, менің бір байқағаным қазақта «убийство» сөзінің дәл мағынасын беретін атаулық ұғымда сөз жоқ екен.(әлде мен таба алмадым, таба алмағаныма ренжімеймін бірақ) неге? себебі қазақы санаға сыятын «убийство» деген ұғым жоқ. қазақтың тілдік қорына(немесе менің тілдік қорыма) сөз ойлап тапқан дұрыс па? өкінішке қарай, ол нәрселер қоғамда болып жатыр. бірақ соның бар екенін, өмірде шынымен болатынын көрерменге көрсетуге, білдіруге құлшынбайықшы дегің келеді…
айтпақшы жақында мен аударған бір сериада әкесі баласына » я тебя убью» дейді, баласы «пошел вон» деп әкесін итеріп қалады. мен «әкеңе танытамын, жүгірмек» деп келдім де баласының сөзіне тоқырап қалдым…
:)… «әкесін байлап қойып сабағанды бірінші рет көруім» дегеннің кебі келіпті 😦
Magan Kinali kar ceriali kaita korsetyinizdi syraimin
Бәрі қырылып көрген осы сериалды, тіпті көрмеппін….