Feeds:
Жазбалар
Пікірлер

Archive for 2009 Қыркүйек

Көзіңде мұң, көңілің алабұртып,
Сен де, білем, шаттанып жүрген жоқсың.
Жанарыңда жасыңды әрең іркіп,
Сәл жымиып, суретте күлген бопсың.
Қайтсем сені бақытты етеді екем?
Аққа Алла жақ деген бекер ме екен.
Бар байлығы дүниенің менің үшін –
Сенің мұңсыз күлкіңе жетер ме екен?!

Қайтсем сеі бақытты етеді екем?!

Сен пәксің, аққудай, шағаладай,
Қиналдың-ау қона алмай жағаға жай.
Өңкей жаман анталап жан-жағыңнан
Аяламай қор қалды-ау, бағаламай.

Сен бір ғажап, сұлусың сұрақ мүсін,
Сұлулығы жаныңның қуат күшің.
Сен бақытты боласың
қара да тұр.
Себебі сен арлысың,саналысың,
адалдардың ішінде адалысың.
және де тұрақтасың.
Сен бақытты боласың,
сәл күте тұр…
Гүлжан Рүстемова

Read Full Post »

Бір ғұлама тақтаға түзу бір сызық сызып: «бұл не?» деп сұрапты. Сонда шәкірттерінің бірі «бір саны» дес, бірі «түзу сызық» депті. Сонда ұстаздары: «Жоқ, бұл әдеп» депті. Артынан бір нөл қосып «бұл не?» десе, «нөл» депті шәкірттері. Сонда ұстаздары: «жоқ, бұл білім депті. Тағы бір нөл қосып, оның ақыл екенін, тағы бір нөл қосып хикмет, сосынғы нөлдің өнер екенін айтыпты. Сосын ұстаздары алдындағы сызықты өшіріп, «енді не болды?» десе, шәкірттері кілең нөл қалғанын айтады. Мұның мәнісін ғұлама: «Егер сенің әдебің болмаса, онда білімің де, ақылың да, өнерің де нөл» деп түсіндіріпті.

Read Full Post »

Баяғыда бір Мәңгілік деген патша болыпты. Оның атына сай сол патшалықты да Мәңгілік патшалығы деп атапты. Ол сондай әділетті, халқына жаны ашитын, елінің өнер кенішіне, адамдық үлгісіне айналғанын қалайтын патша екен. Бірде Мәңгілік патша өз елінің тұрғындарын Өмір атты шеберге жіберіпті. «Өмір өнерлінің тігшіп берген киімін киіп келіңдер. Сосын жаңа дәуір, жаңа күнді қарсы аламыз. Кімнің киімі ең әдемі, ең көркем, ең қымбат болса, ол менің жақсылығыма кенеледі» деп. Бір қызығы, Мәңгілік патша «тұрғындарым келген соң олардың ақылдарына қарамаймын, олардың жандарына қарамаймын, киімдеріне назар саламын» депті. өмір атты шебер қарияның бір ерекшелігі – ол киімді маталардан тікпейді екен. Адам болмысындағы қасиеттеріне, мейірім, ақыл, біліміне, жақсылықтарына қарай отырып, сол ізгіліктерден жарқыраған көйлек, шапан тігеді екен. Кімнің адамдық болмысы ерекше жоғары болса, оның киетін киімі де соғұрлым көркем, тағынатын әшекейлері де сондық қымбат тұрады екен. Мәңгілік патшалығының тұрғындары әлі де үздіксіз келіп жатыр. Өзіне лайықтап киім тіктірген тұрғындар патшалыққа қайтып оралып жатыр. Расында, ол киімдерді тігетін Өмір тігінші емес, адамдардың өзі екен. Өмір тек үйретуші, басқарушы ғана. Әрине, сан миллиардттаған адамдардың киімін жалғыз өзі қалай тігіп бітірсін?! Күнделікті күйбең тірлікте жүріп, қандай жақсы істер жасаса, сондай көркем киімдерге ие болады олар. Мейірім тау-теңіз адамдардың киімдеріне жақұт көп тағылса, әділ адамдардікіне гаухар, мінезі жібектей жандардың киімдерінің батасы жібектен тігіледі екен…
Бұл ертегінің соңы әлі жазылмады, құрметті оқырман. Өйткені, ¬Өмір қарттың жұмысы әлі тоқтаған жоқ, адамдар легі әлі толастаған жоқ…

Кәмшат

Read Full Post »

« Newer Posts